Темірлан тасжолының бойы жаңарады

258

Темірлан тасжолының бойында жаяу жүргіншілерге арналған жол салынуда. Қатын көпір мен Жаңа шаһар шағынаудандары аралығында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын жергілікті мекеме бір жетіде аяқтаймыз деп жоспарлап отыр.

006

Пайдаланылып жатқан материалдар Қазақстанда жасалған. Жолдың жалпы аумағы төрт мың шаршы метрді құрайды. Мердігер мекеме басшылығының мәлімдеуінше, құрылыс сапалы жүргізіліп жатыр. Ал жұмыстың барысын техникалық қадағалау мекемесінің жауапты мамандары бақылауға алған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=yL1LCAgQLb0[/youtube]