Шілденің 22-сі күні Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағына суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандардың айтуынша, Қызылсу ауылы маңында «Мерседес» және «Ауди» көліктері соғысып қалған.
Жол апатының кесірінен бірнеше жолаушы көліктің ішінде қысылып қалып қойған. Құтқару жасағаның ресми өкілі Павел Вишениннің мәліметінше, мамандар оқиға орнына келгенше куәгерлер зардап шеккен екі адамды өздері сыртқа шығарып үлгеріпті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2jXn8OcFSbw[/youtube]
Құтқарушыларға «Ауди» көлігінен адамдарды сыртқа шығару үшін көлікті екіге бөлуге тура келген. Оның ішіндегі үш жолаушы мен жүргізуші опат болды. Ал «Мерседестің» жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.