«Балаға мейірім сыйла». Асанбай Асқаров атындағы №77 мектепте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Демеуші болып жүргендердің дені аталған мектептің ұстаздары мен жергілікті жеке кәсіпкерлер және сол маңда орналасқан мешіт ұжымы.
Айта өтейік, аталған білім ошағында мұндай қайырымдылық акциясы соңғы екі жылдан бері өткізіліп келеді.
Гүлайым Құдиярова, көп балалы ана: «Біз көп балалы отбасының атынан қатысып отырмыз. Бұл ақша, әрине, ұлымның бүкіл шығынына жетпесе де, аяқ киім, сөмке сынды бірқатар заттарын алуға сеп болады деп ойлаймын. Баланы қуантқаны – Алланы қуантқаны. Сондықтан барша демеушілерге рахмет айтамын».