Бақ өсіретіндерге мүмкіндік мол

21-25 шілде аралығында «Тассай» білім тарату орталығында Ауылшаруашылығы министрлігінің қолдауымен интенсивті бақ өсіруді дамыту мақсатында «Жеміс дақылдары мен жүзім өсірудің прогрессивті технологиясы» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

32-008

Бұл семинардың басты мақсаты – бақша егіншілігіндегі заманауи интенсивті технологиялардың пайдасын жергілікті диқандарға жеткізумен қатар, бақша өнеркәсібінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді біріктіру, облыстан шығатын өнімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру, олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру. Оқу семинарында дәрістер өткізуге Түркиядан екі эксперт: «Algen» биотехнология лабораториясының бас маманы-технолог Мустафа Саглам және «AGRIKEY» компаниясының директоры Джунейт Арык, Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан ғалымдар және де «Аlatau Fruits Engineering» ЖШС өкілдері шақырылды. Семинардың төртінші күні Сайрам ауданында орналасқан «R.S.Агро-Групп Холдинг» ЖШС шаруашылығы мен жемістерді интенсивті бақтарда өсірудің қазіргі технологияларымен танысу мақсатындағы көшпелі-тәжірибелік сабақпен жалғасты. Аталған семинарға 31 тыңдаушы қатысып, сертификаттарға ие болды.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

«Оңтүстік Рабат», №32, 06.08.2014