Кенеден залалсыздандыру жұмыстары басталды

399
Фотосурет ғаламтордан алынды

Оңтүстікте кенеден залалсыздандырудың күзгі кезеңі басталды. 15-тамыздан бастап қора-жайлар мен мал басына дәрі бүрку жұмыстары жүруде.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

1-қыркүйекке дейін облыс аумағы бойынша 1 миллион 100 мың ірі қара, 4 миллион 200 мың ұсақ мал және 27 мың шаршы метр қора-қопсы мен баспаналарға жапсарлас ғимараттар толығымен залалсыздандырылатын болады. Облыс қазынасынан бөлінген қаржы жеткілікті, дәрі де бар.

Айта кету керек, қырым-қанды қызбасыныѕ алдын алу бойынша жүргізілген шараның нәтижесінде биыл кене шағу фактісі жүзге кеміп отыр. Ал көгала дертімен аурухана төсегіне таңылған 5 адамның барлығы да құлан-таза айығып, үйлеріне қайтарылған. Залалсыздандыру бағдарламасы бәріне бірдей тегін жүргізілмейтінін осы тұста ескеру керек дейді облыстың бас ветеринары.

[youtube]http://youtu.be/az1kJMMmb5Y[/youtube]