Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

36

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райына себеп болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар күтіледі. Жел күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі, батыста бұрқасын тұрады деп күтілуде.

Оңтүстік аймақтарда түнде -5 +8 градус, күндіз +10 +20 градустан +3 +15 градусқа дейін ауа температурасы құбылмалы болады. Ал оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -13 +5 градустан – 8 +5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз жылы температура 0 +12 градустан +2 +15 градусқа дейін құбылмалы болады.