Мамандар Бозарыққа су келеді деп тағы да уәде берді

376

Бозарық елдімекенінің тұрғындары жергілікті билікке өкпесін білдіру үшін көшеге шықты. Өйткені олар 1959 жылы қазылған құдықтың суын сатып алуға мәжбүр. Ал осыдан тура бір ай бұрын қала әкімдігінің мамандары халыққа су береміз деп уәде еткен болатын. Өкінішке орай айтылған сөз іс жүзінде орындалмады дейді тұрғындар.

002

1959 және 1975 жылы қазылған екі құдықтың суын 40 жылдан бері Бозарықтың тұрғындары ғана емес, малдары да ішеді. Жас балалар күніне есек арбасымен құдық басына келеді. Көбісінің үш ай жазғы демалысы су тасумен өткен.

Бүгінгі таңда ауылдағы халық саны 5 мың адамға жуықтаған. Соңғы жалдары оралмандар көптеп қоныстаныпты. Құдық басындағы қарауыл ақсақал шелектеп су тасығандардан ақша алмайтынын айтады. Ал тәулігіне 700 текше метр су тартатын құдыққа қажетті электр энергиясы үшін әр шаңырақтан 200-500 теңге жиналады екен.

[youtube]http://youtu.be/_uY_IpWaZhY[/youtube]

Бозарық, Бозарық — 1, 2 және 3 шағынаудандарына су жүйесінің жүргізілгеніне бірнеше жыл болды. Аузы кепкен көпшіліктің су сұрап, бармаған жері қалмаған. Соңғы рет тура бір ай бұрын жиналғанда қала әкіміндегілер уәдені үйіп-төккен болатын. Айтылған уақыт та артта қалды, бірақ, тірлік тынбады.

[youtube]http://youtu.be/ZgzDvql3Ls0[/youtube]

«Жасап жатырмыз, жақында су болып қалады» деген сөзді әкімдіктің мамандары әбден жатап алған. Бұл жолғы мерзім қазан айы болып белгіленді.

[youtube]http://youtu.be/SEVlxEWj-Wk[/youtube]

«Су ресурстары маркетингі» ЖШС мамандарының сөздеріне сенсек, Бозарықтағы 800-ден астам тұтынушы жақын күндері армандаған ауызсуларына қол жеткізеді. Ал Бозарық — 1, 2, 3 шағынауданындағы су жүйесін толық іске қосу үшін уақыт қажет. Ішкі жүйеде ақау көп. Оған қоса Солтүстік су магистралінің құрылысы толығымен тапсырылуы тиіс.