Депутаттар мектепке 150 түп ағаш көшеттерін тарту етті

355

Жаңадан сайланған депутаттар  қала аумағындағы  өздеріне  бекітілген округтерде болып, ондағы мәселелерді халықпен бірге шешуге ат салысуда.

Бұл жолы  халық қалаулылары  Қаратау ауданына қарасты Бозарық шағынауданындағы №131 мектептің аумағын  көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

Валихан Юсупов, Бозарық шағынауданындағы ардагерлер  кеңесінің төрағасы: «Бұрын депутаттарды  кеңселеріне барып, телефон соғып біз іздейтін едік. Қазір жаңадан сайланған депутаттар өздері осымен үшінші рет  келіп, қолдауларын көрсетуде. Депутат Сұлтанғали Қуандық, Айжан Наимбекова мектептің аумағын көгалдандыруға  150 түп ағаш көшеттерін жеткізіп берді. Алдағы күндері раушан гүл көшеттерін алып келеміз деп уәде берді. Сұлтанғали бастап оқушылармен  бүгін теректерді отырғыздық. Жақында еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 10 мың ағаш  көшеттерін егу жөнінде тапсырма берген еді. Бүгін міне,  жүзеге асырылуда1.

Бауыржан Асанов, №131  жалпы ора мектептің шаруашылық  ісі меңгерушісі: «Мектеп пайдалануға 2018 жылы берілді, содан бері жұмыс атқарып келемін. Осы қысқа мерзімде білім  ордасының аумағында ағаш және гүл  отырғыздық. Мына жерге алма  мен жаңғақ ағаштары көшеттерін көшірдік, арасына жоңышқа егіп тастаймыз. Ал  ғимараттың алдына раушан гүлдері көшеттерін отырғызамыз. Депутаттар көшеттерін жеткізіп береміз деп  отыр. Жасыл желекті тамшылатып суғару әдісімен  суғарамыз».

Мектептің  айналасына самал беретін суды көп қажет етпейтін қара ағаш отырғызылмақ.

Шынар Оразова