Оңтүстікте «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымы Сайрам ауданындағы 3 бірдей мектептің әлеуметтік жағдайы төмен және жетім балалары мен көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға сый-сияпат табыстады. Осылайша 65 шәкірт жаңа оқу жылына оқу құралдарын түгендеді.
Оқушылардың ата-аналары мемлекет тарапынан қолға алынған акцияға риза болып, балаларының қуанышын бөлісіп жүр. Айта кетейік, қоғамға шарапаты мол шара ағымдағы жылдың 1-тамыз күнінен бастау алған. Енді ол 30-тамызға дейін жалғасады деп күтіліп отыр.
Намазбай Әбдіқұлов, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары: «Сый-сияпат дегенде әншейін бір дәптер, кітаптар емес, үлкен, кәдімгі қомақты заттарды әкеліп отырмыз. Балалардың киімі бар, күздік, көктемдік, қыстық деген сияқты. Содан кейін олардың аяқ кіиімі бар, спорттық аяқ киімдері де бар. Сонымен қатар күнделікті оқу-құралдары бар.»