Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасуда

359
Шымкентте

Бір баланың қуанғаны – мың періштенің қуанғаны. Жаңа оқу жылына орай Абай аудандық әкімдігі мен аудандағы мешіт өкілдері 120 оқушыға қуаныш сыйлады. Жомарт жандар балақайларды оқуға қажетті құралдар және киім-кешекпен қамтамасыз етті. Бұл – «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясындағы іс-шараның бір бөлігі ғана.

Мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңыраудың соғылуына санаулы күндер ғана қалды. Әр балақай өзін өзгелерден кем санамасын деген ниетпен кәсіпкерлер жасаған қайырымдылық шарасы барысында 120 оқушы бас-аяғына дейін киіндіріліп, мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

Шымкентте "Мектепке жол" акциясы жалғасуда

Мейірімділікке бөленген балалардың қуанышында шек шоқ. 2 сынып табалдырығын аттағалы тұрған Бақытжан Ізтеміровтің көңілі шат-шадыман. Мектепке толық жарақталған балақай сабақты жақсы оқып, ағаларының үмітін ақтайтынын айтады.

Жалпы, Абай ауданы бойынша аз қамтылған 3 мыңнан астам шаңырақ бар. Мамандар олардың арасында жұмысқа толық жарамды отағалары барын айтады. Бірақ неге жұмыс істегісі келмейтіні белгісіз. Ал осынау «Мектепке жол» акциясы аясында ауданда алдағы уақытта тағы 200 бала киім және мектепке қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі.

Асқар Сәтпаев