Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі мал шаруашылығын дамыту мақсатында екі жылдық бағдарлама түзді. Жобаның артықшылығы сол — оған қолында бірлі-жарым ғана ірі қарасы бар шаруалар да қатыса алады.
Пилоттық жоба ретінде қолға алынған іс қазір әр ауданның бір ауылдық округтерінде жүзеге асырылып жатыр. Ауыл-аймақтағы шаруаларға жобаның тиімді тұстарын облыс әкімінің өзі түсіндіріп жүр. Қарапайым шаруа үшін арнайы селолық тұтыну кооперативтері де ұйымдастырылған. Дәл сонда шаруа бордақыланған малын апарса болғаны, оны боршалап сатуды кооператив міндетіне алады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lIB-ZjF3MkM[/youtube]
Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Агробизнес-2020″ бағдарламасы бойынша несие алатын болсаңы,з өзіңіздегі ірі қара саны 25-тен кем болмауы керек. Одан кейін түліктерді ауланың ішінде бордақылауға болмайды. Оны далаға шығару керек. Ауылдың сыртынан қора салу керек. Қаншама шығын, оның құны қаншама қымбат! Ал мұнда малың көп пе, аз ба, қызықтырмайды. Бордақылап, мал шаруашылығын дамытамын десең болғаны, 6 пайызбен несие беріледі. Осы айырмашылықты түсіндіру керек халыққа. Бұл бір ма, екінші мәселе, несие алған кісі малды бордақылағаннан кейін қайда сатам деп басы ауырмайды. Сол ауылдан дайындау орталықтары ашылды. Ол жұмыстарды сол селолық тұтыну кооперативінің мамандары атқаратын болады.»