Шымкенттегі Қонаев даңғылымен келе жатып, сырт бейнесі ерте замандағы ат жегетін зәулім күймеге ұқсас көлікті көзім шалды. Бұрындары батыстың бай-бағландары мен шенділері мінген күймені көлікке айналдыру кімнің ойына келді екен дедім іштей.
Алдымызда жүйткіп баражатқан бұл көлікке бағдаршамда жету мүмкін болды. Біз мінген такси күймелі көліктің маңына жақын тоқтаған сәтте жүргізушісімен тілдесіп үлгердім. Айтуынша, темір тұлпарын тойға жалдаушылар көп екен. Яғни жас-жұбайларды алып жүретін көрінеді. Іші әсем безендірілген күймеге ұқсас АҚШ-тің «Crysler» маркалы машинасын бір күн мырзалыққа немесе қуанышыңыза мінер болсаңыз, 50 мың теңге төлеуге тура келеді.