«Толық әйелдерге бәрі де жарасады»

Гүлсім Сүлейменова, дизайнер
Гүлсім Сүлейменова, дизайнер

– Гүлсім, денелі, толық әйелге ашық және сәнді образ жасаудың қиындығы барын білеміз. Мұндай азаматтардың көбі қара және қапшық пішінді киім кигенді жөн санайды. Осы дұрыс па? 

– Көптеген адамдар киім таңдағанда өздеріне “Сызығы бар меніңкі емес, мұны кисем үлкейтіп көрсетеді. Одан да қара кисем шетте, ал сұр кисем көпшілікте жоғалып кетемін» деген сияқты тосқауылдарды қояды. Шындығында сол сызық, қара және сұр түстің қандай масса, пішінге қолданылғанына байланыс-ты. Бұл жерде барлығын жеке тұрғыдан қарау керек. Егер сіздің аяғыңыз түзу болса, неге оны көрсетпеске?! Бастысы киіп, қалай көрінетіндігін байқап көруден ешқашан қорықпау қажет.

33-040– Әдетте киім таңдағанда айнаның атқарар рөлі үлкен. Айнадан өзін көргенде толық келіншектер шошып кетпес үшін киімнің үстіне түскен суреттер және т.б. бейнелер қандай болғаны жөн?

33-039– Толық адамдар өздерін кәсіби деңгейде бағалау үшін айнаға дұрыс қарауы керек. Лажы болғанынша айнаға алыстан қараған жөн. “Бір қырынан қарағанда қалай көрінеміз? Ту сыртымнан қараған жанға қалай көрінем?” деген сауалдарға айна алдында жауап таба алуға тырысқаны ләзім.

Матаға түскен ою-өрнек сызыққа емес, жарасымды-лығына мән беру керек. Бастысы, ыңғайлы болуы. Дегенмен, ою-өрнек, гүлден гөрі толық әйелдер майда гүлді матадан тігілген киімге құмар болғаны дұрыс. Майда суреттер дене пішініндегі кемшіліктерді білдірмейді және ерек-шелікті көрсетеді. Түстері әр алуан болуы мүмкін. Ашық немесе этникалық түстер сіздің кемшілігіңізді жасырып, ерекшелікті білдіреді. Егер көйлек болса ерекше сызықты, ұзын сарафан болса тік, көлденең сызықтар кем-кетікті білдірмейді. Сосын, мұндай азаматшалар кішкентай сөмкелерден аулақ болып, үлкен, ашық түсті сөмкелерді ұстағаны дұрыс. Бұл өз кезегінде дене пішіміне сай болып, сырт қарағанда жарасымды көрінеді.

33-038– Ал, енді аксессуарларға тоқтала кетсеңіз… 

– Иә, киім таңдағанда аксессуарларды да ұмытпаған жөн. Арнайы дүкендерден дұрыс таңдалған галстук, белдіктер сіздің дене бітіміңіз-дегі кем-кетігіңізді көрсет-пейді. Сондай-ақ, сіздің жеке талға-мыңызды да көрсетеді. Сіздің киіміңіздің пішімі жеке сәнді бейнеңіздің қалып-тасуына кедергі келтірмейді. Қазір бұрын-ғыдай тек сұр, қара, ақ киеміз деген қағида жоқ. Бағыт пен таңдау көп. Бұл тұтынушы мен өндірушілер үшін өте қолайлы. Яғни, әртүрлі жиынтықтан тұтынушы өзіне ұнағанын ала алады. Қарапайым киімдерден сәнді бейне жасауға болады. Тіпті, классикалық киімдерден де ерекше бейне жасауға болады. Бұрын толық жандар үшін «сән жоқ» деген пікір болатын. Бірақ, мен оның дұрыс емес екендігін сенімді түрде айта аламын. Үрдіс бойынша негізінен матадағы түстік және сәнді кіші суреттердің пішінінің шешімі, сәні, бағыты маңызды. Биыл мысалы, теңіз түсі, қара мен сары түстердің үйлесімі өте сәнді.

33-037– Кең пішінді киім киетін денелі адамға кез келген дүкендерді аралау мүмкін емес. Арнайы дүкендердің ерекшелігі қандай?

– Арнайы дүкендерде сізге қажетті киімдерді аз мөлшердегі сомада сатып алу үшін қолайлы етіп жасақталған. Дүкен кеңесшісінің ұсынысымен киім сатып алатын тұтынушылар өте сирек. Кеңесші өзіне жаңа дүниені қабылдағысы келмейтін «Ой, маған мынау болмайды» дейтін тұтынушыларға дәлелдеп, бәстесуге дейін барады. Адам дүкен болмаса да басқа жерде жаңа киімді киіп, оған достары, таныстары жылы лебіз айтқанда ғана сенім пайда болып, өмірін өзгерте бастайды. Шаш үлгісі, макияж, денесін тік ұстауы… Әйел өзіне тән қасиетін қалай сезінеді? Соның барлығы өзгереді. Ол өзінде сенімділік, қуаттың пайда болғанын сезеді. Содан кейін оның күші оның жұмысында, кез келген жағдайда сезіледі. Олар екінші рет дүкенге келгенде алғашқымен салыстырғанда өте қатты өзгергені анық көрінеді. Арнайы дүкендердің ерекшелігі де осында.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Асқар СӘТБАЕВ

«Оңтүстік Рабат», №33, 13.08.2014