Úı ANONS Дүкеннен киім ұрлаған тұрғын ұсталды

Дүкеннен киім ұрлаған тұрғын ұсталды

Шымкенттік полицейлер дүкеннен киім ұрлаған тұрғынды ұстады. Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, дүкенінен сатып алушы кейпінде келген белгiсіз әйел сатылымда тұрған киім-кешектерін жымқырып кеткен.

Яғни, былғары белдемше, кол семкесі мен пластмас құтысын қолды еткен. Аталған жайт ұрлық бабымен тіркеліп жедел-іздестіру шаралары жұмылдырылды.

Дүкендегі бейнебақылау жүйесін тексеріп, нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол 37 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Иззат Миралиев