Қоқыс астымен өткен құбырының су денсаулыққа қауіпті

Шымкент қаласындағы бірнеше көп қабатты үйдің жертөлесі лас, кәріз суына толы. Көп жағдайда бұл жертөледегі инженерлік жүйенің тозығы жетуінің салдары. Ауызсу құбыры кәріз суының ішінде жатыр. Кәріз суы таза су құбырына өтіп, араласып кету қаупі бар. Олай болған жағдайда тұрғындар денсаулығына төнетін қатер айтпаса да түсінікті.

Лас жертөлеге жиналған маса , бүрге, тарақандардан болуы мүмкін қауіп өз алдына. Кез келген уақытта вирустық ауру тарауы мүмкін. Тұрғындар осы жағдайдың алдын алғаны жөн. Бұл мәселе су арнасы тарапынан үздіксіз көтеріліп келе жатыр.

Қоқыс астымен өткен құбырының су денсаулыққа қауіпті

IMG_2470

Үй төрайымының мәселемен бармаған жері жоқ. Бірақ мұның шешу жолдары бар
Үй төрайымы

Жертөлесінде түйткілді мәселесі бар көп қабатты үй тұрғындарымен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС диллер бөлімшесінің инженерлері және зертхана мамандары кездесулер өткізіп, өз қызметтерін ұсынып келеді. Көп қабатты үйдің жертөлесі пәтер иелерінің ортақ меншігі болғандықтан, ондағы инженерлік жүйені жаңарту, санитарлық жағдайын жақсарту тұрғындардың ортақ міндеті. Дегенмен, солай бола тұра кейбір тұрғындардың жауапкершілік пен қауіпті жете түсінбеуі, үй тұрғындарының өзара алауыздығы салдарынан бұл мәселе шешімін таппай келе жатыр.

Осы орайда тұрғындар өздері тұратын ауданға сәйкес диллер бөлімшесімен техникалық қызмет көрсету шартын жасасқаны жақсы. Сонда сол үйдің жертөлесінде туындаған мәселені жоюға диллер бөлімшесі мамандары қызмет көрсетеді. Бұл қызмет аясында мынадай жұмыстар жасалады:

Жертөледе су жиналған жағдайда тазалау

Жертөледе кішігірім жөндеу жұмыстарын жасау

Жертөледегі ауызсу құбыры мен кәріз құбырын толық ауыстыру керек болған жағдайда, жеке-жеке сметалық құжат жасалып, материалдарын тұрғындар өздері сатып алады, ал жұмысын диллер бөлімшесі мамандары жүргізеді.

Мұндай қызмет үшін әр пәтер иесі айына 105 теңге төлейді. Бұл ақша – пайдаланған суыңыз үшін төлеуге тиіс сомаға қосымша түбіртекте көрсетіледі.

Жертөлеңізде түйткілді мәселе туындаған жағдайда диллер бөлімшесіне қоңырау шаласыз. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-не қарасты диллер бөлімшесімен келісім-шарт жасасқысы келген көп қабатты үй тұрғындары немесе тұрғын үй комитетінің төрағалары диллер бөлімшесіне келіп, үй тұрғындарымен жиналыс жасап, хаттама толтырылуын өтініш жасайды. Үй тұрғындарының 80 %-ы келісімін берген жағдайда мамандар сіздермен келісім-шарт жасасып, көмек көрсететін болады.

Егер ауызсу құбыры жүйесін толық ауыстырып, су есептегіш құралды жертөлеге орнатуға өтініш жасайтын болсаңыздар, арнайы дайындалған жоба бойынша жұмыс жасалады. Бұл жоба бойынша жертөледегі ауызсу құбыры және әр пәтерге жеке тікқұбыр түгел жаңартылады. Жаңа үлгідегі су есептегіш құралдары орнатылады.

Аталған қызмет үшін ақы – 103-сериялы үй тұрғындарына 17000 теңге. Ай сайын 1400 теңгеден бөліп төлеу мүмкіндігі бар. Ал 105-сериялы үй тұрғындары үшін (екі тікқұбыр болғандықтан) – 25000 теңге, бір жылға ай сайын 2083 теңгеден бөліп төлеу мүмкіндігі бар.

Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ауызсу құбыры жүйесінің жұмысын, су есептегіш құралдардың сақталуын, уақыты келгенде тексеру, жөндеу жұмыстарын су арнасы өз балансына алады. Тұтынушы тек пайдаланған суының ақшасын төлеп отырады.

Су арнасының бұл қызметін пайдалану үшін де жалпы жиналыс өткізіп, үй тұрғындарының 80 %-ы келісімін берген хаттама толтырылып, екіжақты келісім-шарт жасалуы керек. Өз жақындарыңыздың, балаларыңыздың, ата-аналарыңыздың қауіпсіз , жағымсыз иіссіз, таза жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етіңіздер! Жертөлені таза ұстау – өз қолдарыңызда!