Ескірген су құбыры тағы да жарылды

197
құбыр жарылды

Темірлан тас жолы бойында тағы да су құбыры жарылды.

Салдарынан «Жаңа шаһар» шағынауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары, коммерциялық нысандар таңертең ауыз сусыз қалды. «Су ресурстары – Маркетинг» серіктестігі арнайы бригадасы ақау орын алған жерде жөндеу жұмыстарын бастады.

Қазір осындағы ескірген құбырларды алмастырған мердігер компания қазу жұмыстарымен айналысып жатыр. Арнайы бригада ақауды тез арада реттеуге әрекет етеміз деп уәде берді. Айта кетейік, қаланың осы бөлігіндегі ауызсу құбырынан судың атқылауы бірінші рет емес. Мұндай жағдай «Жаңа шаһарда» жиі орын алады.

Бұлан Тұрлыбеков, «Су ресрустары-Маркетинг» ЖШС-нің бөлім басшысы: «Жөндеу жұмыстары Темірлан тас жолы бойындағы Бостандық пен Желтоқсан көшелері аралығындағы бөлігінде жүргізілді. Жүйеде ақау орын алып, тозығы жеткен су құбыры жарылған. Жаңалау жұмыстары 1қазанға дейін жүргізіледі.

Шынар Оразова