«Қазақзергер» зергерлік салоны сатып алушыларына мерекелік жеңілдік жариялады. Алтын, күміс әшекейлердің сапалысын саудалайтын дүкенде қыркүйек айының 5-13 жұлдызы аралығында сатылым-көрме ұйымдастырылған. Осы аралықта қымбат тастармен көмкерілген бұйымдарды сатып алсаңыз, ұтыс лотереясына қатысып, бағалы сыйлыққа ие боласыз.
Әсем әрі көздің жауын алатын әшекейлер шетел асып келеді. Басым көпшілігі Ресей, Армения, Украина және Италия елдерінен тікелей жеткізіледі. Сапасы бағасына сай. «Қазақзергер» салоны өзінің 73 жылдық мерейтойы қарсаңында сатылым көрмесін ұйымдастырды. Көрме замануи үлгіде қайта жөнделген «Қазақзергер» салонының әдемі ғимаратында өтіп жатыр. Бүгінен бастап ашылған көрме 13-қыркүйекке дейін жалғасады. Осы аралықта әрбір сатып алушыға жеңілдік жасалып, ұтыс ойындары ойнатылатын болады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wYKXqrqYMhs[/youtube]
Элмира Бегманова, «Қазақзергер» зергерлік салонының директоры: «Келіңіздер, біздің сапалы алтын бұйымдарымызды көріңіздер. Біз сіздерді асыға күтеміз. Әрбір тұтынушыға жеке қызмет көрсетіп, сапалы дүниелерімізді ұсынамыз.»
Сатылым-көрмесінің басты орны зергерлердің эксклюзивті туындыларына берілген. Әшекей бұйымдар жоғары сапада жасалған. Ұлттық оюлармен өрнектелген сырғалар мен білезіктер, алқалар көздің жауын алады. Гауһар тастармен көмкерілген, алмазбен апталған әшекейлердің сапасы өте жоғары дейді мамандар.
Влад Григорян, геммолог: «Біз үнемі бұйымдардың сапасын сеніңіз деп ұрандатамыз. Бұл дегеніңіз — әрбір тұтынушыға сапалы әрі сәнді әшекейлерді ойланбастан ұсынамыз деген сөз. Біз әрбір тасты, алтын, мейлі, ,күміс болсын, үнемі тексеріп отырамыз.»
Мұндай көрмелерді «Қазақзергер» салоны үнемі өткізіп отырады. Бұл көрменің өзгелерден ерекшелігі — күміспен көмкерілген әрі Елтаңбамыз бейнеленген асхана бұйымдарының бұрышы ашылған. Әрбір сатып алушы жақынына ерекше сыйлық, іздеп осында келеді. Солардың бірі — Шерзад Миршапахатов. Ол келіншегіне сыйлықты дәл осы зергерлік салонынан алады.
Әшекейлердің бағасы мен оларға жасалған 30 пайызға дейінгі жеңілдіктер көңіл қуантарлық. Әрі ұтыс лотореясының иегері атанып, сыйлыққа ие боласыз. Бас жүлде — гауһар көзі бар алқа. Сатылым көремесі 13-қыркүйекке дейін жалғасады. Ендеше, Шымкенттегі Мұхаммед Хайдар Дулати көшесі, №9 үйде орналасқан «Қазақзергерге барып», жеңілдікке ие болыңыз.