Енесінің алтын бұйымдарын жымқырған…

88

Шардара аудандық полицейлері енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған азаматты анықтады. Жәбірленушінің сөзінше, белгісіз біреу үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігі мен сырғасын, сондай-ақ бағалы бриллианттары мен алқаларын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 1 700 000 теңге.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық» бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің түр-тұлғасы анықталды. Күдікті ер адам жергілікті тұрғын, жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды қолды қылған.

Алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен. Полицейлер айғақты зат ретінде алтын жүзік пен сырғаларды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Гүлдана Дәурен