Ақын Ақмарал дәстүрді дәріптейтін болды

694
Ақмарал Леубаева

Мәдениет саласында ауыс-түйіс орын алды. Қаламыздағы енді ғана бой көтерген жаңа мәдени нысандардың бірі – облыстық салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының басшысы болып ақын Ақмарал Леубаева тағайындалды.

Ақмарал Леубаева
Ақмарал Леубаева

Бүгінге дейін Ақмарал Леубаева облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары қазметін атқарған.

Ақмарал Леубаева – 1969 жылы Бәйдібек ауданында туған. Айтыскер ақын Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педогогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Ендеше, жаңа нысанның жаңа басшысына сәттілік тілеп, еңбегіңіз жемісті бола берсін дейміз!