Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып тағайындалды

108

ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы болып Ерлан Қошанов сайланды. Бүгін депутаттар Қошановтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Жаңа мәжіліс төрағасы 2019 жылдан бері Президент Әкімшілігіне жетекшілік еткен. Ал бүгін бұл қызметінен босатылды.

Ал 2019 жылдан бері төменгі палатаны басқарып келген Нұрлан Нығматуллин өз еркімен жұмыстан босатылды. Ол мәжілістің үш шақырылымында спикер болған еді.

Нығматуллин құқық қорғаушылар мен белсенділер сынаған былтырғы парламент сайлауынан кейін қаңтар айында мәжіліс төрағасы болып қайта бекітілген болатын.

                                                                                           Мөлдір Ибадуллаева