Мәдениет саласында ауыс-түйіс орын алды. Қаламыздағы енді ғана бой көтерген жаңа мәдени нысандардың бірі — облыстық салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының басшысы болып ақын Ақмарал Леубаева тағайындалды.
Бүгінге дейін Ақмарал Леубаева облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары қазметін атқарған.
Ақмарал Леубаева — 1969 жылы Бәйдібек ауданында туған. Айтыскер ақын Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педогогикалық институтының филология факультетін тәмамдаған. Ендеше, жаңа нысанның жаңа басшысына сәттілік тілеп, еңбегіңіз жемісті бола берсін дейміз!