Елімізде қылмыстық істі тергеу мерзімі енді едәуір жылдам жүргізіледі. Жаңадан қолданысқа енгізілетін «Қылмыстық іс жүргізу кодексі» осындай мүмкіндік беріп отыр дейді прокурорлар.
Жаңа заңнамада жәбірленушінің құқықтарын қорғау мақсатында түрлі созбалаңға салынатын процестер шегеріліп, іс қозғау мәселесіне баса көңіл бөлінген. Айта кетейік, жетілдірілген заңнамада аса ауыр қылмыс санатына жататын қылмыстан басқа барлық санаттар бойынша күдікті, айыпталушы немесе сотталушының арасында өз еркімен кінәні мойындау туралы мәміле мен келісімге келу мүмкіндігі де қаралған. Қадағалаушы орган өкілдері кодексте қаралған процес прокурорының да маңызы зор екенін атап өтті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=lwGy0GB5rQc[/youtube]