Оңтүстіктің прокурорлары жүлдегер атанды

413

Қазақстан Республикасы бас прокурорының кубогі үшін футболдан өткен чемпионатта Оңтүстіктің құрама командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Оңтүстік құрамасында Алматы, Жамбыл, ОҚО және Қызылорда облыстық прокуратураларының қызметкерлері жасыл алаңда доп тепті.

Жарыс «Астана Аренада» өтті. Турнир прокуратура қызметкерлерінің дене шынықтыруға ден қойып, салауатты өмір салтын сақтауға үндеуге бағытталған. Алты команда тартысқан турнирде бас прокуратура командасы жеңіске жетсе, екінші орынға Шығыс өңірінің құрама командасы тұрақтады. Оңтүстіктің прокурорлары жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.