Енді тергеуге дейінгі тексеру ұғымы болмайды. Жаңа Қылмыстық кодекске сай бірден қылмыстық іс қозғалып, сол сәттен бастап тергеу амалдары жүргізіле бастайды.
Сот өкілдері мұны азаматтардың құқын қорқауға бағытталғалған қадам деп отыр. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап қолданысқа енетін құжатта «Нақты ұстау» ұғымы енгізіліп отыр. Жаңа кодекстің талабы бойынша полицейлер азаматтарды ұстау кезінде қандай құқықтары бар екенін ауызша түсіндіріп, сол сәттен бастап ұстау хаттамасын толтыра алады.
Сала мамандары Кодексте қаралған қорғалуға құқығы бар куәге қатысты да бірқатар өзгерістер енгізіліп отырғанын айтады. Куә ретінде танылған азаматқа қатысты істерге міндетті түрде адвокаттар қатыстырылады. Сондай-ақ, ол азаматқа жауап беру, жауап бермеу секілді мәселелерде таңдау жеңілдіктері қарастырылған.