Оқу құралдарында зиянды заттың бар-жоғын тегін тексеріңіз

«Әр үйге қауіпсіз тағам» акциясы жалғасуда. Бұл жолы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің мамандары кеңсе тауарлары мен мектептің оқу құралдарын тексерді. Зертханада мамандар дәптер, қалапсап, бояулар мен пластилиндердің құрамын тексеріп, олардың адамға қаншалықты қауіпті екенін зерттеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ufZqmqUtM-w[/youtube]

Сарапшылардың бұл қызметін тегін пайдалануға болады. Егер ұл-қызыңыздың мектебіне алған оқу құралдарының құрамына күмәнмен қарасаңыз, облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптамаға жүгінсеңіз болады.

"Әр үйге қауіпсіз тағам" акциясы