Тексеріп барып тұтыныңыз!

277
Зертхана мамандары сынама жүргізді

Шымкентте «Қауіпсіз тағамды тұтынайық» акциясы жалғасып жатыр. Бұл жолы қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының мамандары «Самал» базарында саудаланып жатқан өнімдерге сынама жасады. Көпшілік күмәнсіз тұтынып жүрген тағамдардың құрамының да қалыпқа сай емес екенін біліп, таң қалысты.

Зертхана мамандары сынама жүргізді

Көпшілік елімізде ең сапалы тағам саналатын қымызға да күмәнмен қарайтын болған. Айтуларынша, қазіргі тағамдардың көбі химиялық қоспаларға толы. Раушан Нұрымова да базардан көкөніс сатып алып, зертхана мамандарының көмегіне жүгінді. Азаматша қазіргі маусымдағы көкөністерді және сүт өнімдерін тұтынуға қорқып қалған.

Раушан Нұрымова, қала тұрғыны: «Көбіне сенбейміз, қанша дегенмен дәріленеді деп ойлаймын. Мұны жеген соң іш өту, көп жағдайда диарея, улануға шалдығып жатамыз. Қазір сіңлім және менің көптеген көршілерім уланып, ауырып жатыр. Сондықтан, мұндай тексеру шаралары жиі өткізіліп тұрса деймін.»

шетелдік көкөністердің сапасы төмен
Шетелдік көкөністердің сапасы төмен

487

Сатып алған тағамдарын базар ортасына жайғасқан зертхана өкілдеріне тексерткен ағайынның қарасы қалың болды. Жерлестеріміз көбіне қауын-қарбыз бен өзге көкөністерді тексертті. Тіпті сүт өнімдері мен құс тұқымдарын да әкелді. Арнайы құрал өнімнің сапасын сол мезетте-ақ көрсетіп берді.

Айта кетейік, мамыр айынан бастау алған шара аясында анықталғаны – Эквадор, Аргентина, Өзбекстан елдерінен жеткізілген көкөністердің сапасы төмен. Оны тұтынғандардың көбі аурухананың төрінен бір-ақ шығады. Және бүгінде Мақтааралда өскен қауындардың арасында да құрамы талапқа сәйкес келмейтіндер кездесіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=u78E__5kID4[/youtube]

Тамара Кенжебекова, қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқвармасының бас маманы: «Жеміс-жидек көкөніс тексерілді, қалыптан жоғары ауытқулар болған жоқ бүгін. Бірақ, «Жаңа шаһар» базарында мұндай тексеру өткен аптада сәрсенбі күні жүргізілді, ол кезде 45 көкөніс тексерілді, оның ішінде жүзімнен ауытқу байқалды. Нитрат мөлшерінен көбірек болды. Және қауыннан да табылды. Біз оны базар басшылығына және көкөністерді тексеретін фитосанитарияға жазып жібердік. Енді ол өнімнің сатылмауы бойынша олар жұмыс жасайды.»

Облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы мамандары шетелдік өнім, оның ішінде, әсіресе, көкөністерді тұтынбауға кеңес береді. Олардың сапасын бақылау үшін басқарма өкілдері апта сайын әр базарда осындай сынама жұмыстарын жүргіземіз деп сендірді. Ал осы кезде базарлап жүрген көпшілік жергілікті өнімді көрші елдердің тауарымен ажырата алмай. әлекке түсіп жүр.