1-сыныптың оқушылары

«Алақай, мен мектепке барамын!» «Сбербанктің» шымкенттік филиалының ұжымы осы акцияны жалғастырды. Банк мамандары қаладағы 5 бірдей мектепке демеушілік жасады. Атап айтатын болсақ, №113, 120, 123, 10 және «Асар» шағынауданындағы №90 мектепр.

Ақпан батыр атындағы № 10 мектептің алғашқы қоңырау соғу салтанаты ерекше өтті. Оқушылар да мейрам, жаңа оқу жылының басталғанын сезініп, сыныптастарымен қайта көріскеніне қуанады. Биыл осы мектепке 50 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Мерекелік шарада олар үшін «Сбербанк» ұжымы әдеттегідей сый-сыяпатын дайындаған.

1-сыныптың оқушылары
1-сыныптың оқушылары

Марат Өтемісов, «Сбербанк» АҚ ЕБ ШФ-ның директоры: «Балаларға оқу жылына қандай да бір көмегіміз тисін деген оймен келдік. Қазір олардың жүзінен титтей де болса қуанышты, шаттықты көрдік. Біздің ұжым мейірімнің не екенін жақсы біледі. Сондықтан 1-сыныпқа енді ғана келген бүлдіршіндерден көмегімізді аямаймыз.»

«Сбербанктің» оқу құралдары жасақталған сөмкелері көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына үлестірілді. Енді олар жаңа оқу жылын жаңа көңіл күймен, жаңа оқу құралдарымен бастайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SC2IsZ9dDl8[/youtube]

Жанна Бүркұлова, №10 мектептің директоры: «Расында да бұл оқушыларға үлкен көмек. Себебі мынадай қымбатшылық заманда көпбалалы ата-аналарға дәптер-қаламды түгендеудің өзі оңай емес. Алғысымызды білдіреміз демеушілерге! Балалар енді жақсы оқып, ел болашағына үлесін қосатын азамат болсын деген тілегім бар.»

мектеп оқушылары

«Сбербанктің» «Алақай, мен мектепке барамын!» акциясы биыл ел аумағында төртінші рет қолға алынған. Биыл жаңа оқу жылына сый-тарту 1200 балаға үлестірілді. Мұндай қайырымдылық пен демеушілік жасау «Сбербанк» ұжымының дәстүріне айналған.