Еліміздің ардагер волейболшылары 3 күн бойы Шымкентте өзара бақ сынасты. Жарысқа әр салада елеулі еңбек еткен әуесқой спортшылардан құрылған 10 команда қатысты. Облыстық волейбол федерациясының ұйытқы болуымен өткен доданың мақсаты – спортты ардагерлер арасында дамыту. Қажымұхан атындағы орталық стадионның ойын залына жетпістен аса ардагер волейболшылар жиналды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ka9gdnQ4lCg[/youtube]

Анарбек Орманов, ОҚО волейбол федерациясының президенті: «Еліміздің Қызылорда, Тараз, Алматы қалаларынан екі команда, Талдықорғаннан, Байқоңырдан бір-бір команда келді. Сайыс өте жақсы өтті. Ардагерлер арасындағы бұл жарыс жастардың да арасында мен үлгі болады деп ойлаймын.»

002

Алматылық команданы ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов бастап келді. Ақын, ардагерлер арасындағы дәстүрлі шара жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Олжас Сүлейменов, қоғам қайраткері, ақын: «Ардагерлердің ойнауы – жастарға үлгі көрсету. Бастысы – осы. Өзіміз де қуанып қаламыз. Мен Шымкентте соңғы рет, жаңылспасам, 20 жыл бұрын ойнадым.»

001

Ардагерлер арасындағы жарыс 3 күн бойы өтті. Сайыс қорытындысында шымкенттік ардагерлер 4-орынға тұрақтаса, Алматыдан келген команда 3-орын, Байқоңыр спортшылары 2-орынды алды. Ал чемпион болып «Динамо» клубы атанды.