Волейболдан жасөспірімдер құрамасы ҚР чемпионатында жеңіске жетті

46

Волейболдан Шымкент қаласының құрамасы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

4-11 қаңтар аралығында Орал қаласында волейболдан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Тартысты додада ел аймағынан іріктелген сегіз команда бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Шымкент қаласының спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленді. Ал Қызылорда облысының командасы 2 орынға жайғасса, Батыс Қазақстан облысының құрамасы 3 орын алды.

Айта кетейік, енді шымкенттік 3 волейболшы ҚР Ұлттық құрамасы командасымен Азия чемпионатында өнер көрсетеді.