Шымкентте оқушылар арасында волейболдан жарыс өтіп жатыр

119

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қаламызда «Шымкент жастар лигасы» жобасының үшінші кезеңі басталды. Жарыс барысында шымкенттік оқушылар спорттың  түрінен сынға түседі.

Қыздар арасында ұйымдастырылған сайыс №135 жалпы орта білім беретін мектептің спорт залында өтті. Онда №108, 68, 114, 80 мектеп оқушылары өзара бақ сынады.

Сайыс нәтижесінде 108 мектептің қыздары жеңімпаз атанып, келесі ойынға жолдама алды. Айта кетейік, бұл жобаға 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысады.