Қайнарбұлақта төтенше жағдайдың алдын алу шаралары өтті

385

Қайнарбұлақ саяжайында соңғы кездері төтенше жағдайлар жиі орын алатын болды. Мұның басым бөлігі ауа райы салқындай бастаған сәтте жылыту қазандықтары мен отқа атүсті қараудың салдарынан туындап келеді.

Осы оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары саяжайдағы тұрғындармен кездесті.

Тұрғындармен түсіндірме жұмыстарнын жүргізді мамандар

Дәурен Калдыбеков, қалалық ТЖБ бөлім басшысы: «Өткен жылы Қайнарбұлақта 10 өрт оқиғасы тіркелді. Адамдар жапа шекті. Мұның себебі тұрғындар ирандық пешті дұрыс қолдана алмайды».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VGwFUfgK8Lk[/youtube]

Тұншықтырғыш газға улану — қазандықтағы мұржа жүйесінің бұзылуы немесе ошақтағы оттың дұрыс жанбауынан. Жылдың басында дәл осы себептер Қайнарбұлақтағы жанұяның 4 бірдей адамының өмірін жалмады. Қайғылы жағдайдан соң саяжайдағы ағайын қауіпсіздік шараларын қатаңдатқан.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мамандарының сөзіне сенсек, Қайнарбұлақтағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін енді мұнда апта сайын рейдік шаралар қолға алынады. Және тұрғындар үшін түсіндірме парақшалары да таратылып келеді.