«Балалар әлемі» газетінің ұжымы өз оқырмандары үшін ұзындығы 7 метрді құрайтын тортты ұсынды. Тәтті нанның салмағы 100 келіден асып жығылды. Қаламыздағы Абай саябағына жиналған көпшілік мұндай көрініске таң-тамаша болды.
Редакция басшылығы бұл қадамын жас тілшілері мен оқырмандарының газетке деген қызығушылығын арттыру үшін қолға алдық деп түсіндірді. Бүгінде «Балалар әлемі» атты өзбек тілінде жарық көретін басылымда 35-ке жуық жас тілшінің мақалалары жарияланып келеді.
Айта кету керек, жеткіншектерге қаламақы төленбейді. Олар үшін өзге облыстар мен тарихи маңызы зор мекендерге саяхат ұйымдастырылады және танымал тұлғалармен кездесуге мүмкіндік алады.
Гүлирано Расұлова, «Балалар әлемі» газетінің бас редакторы: «Туған күнді оқырмандарымызбен бірге тойлап жатырмыз. Оларды құралақан күтпеу үшін арнайы тәтті нан жасаттық. Торттың ұзындығы — 7 метр. Себебі мұсылман қауымда 7 саны киелі саналады. Өзіміздің ана тіліміз, яғни, өзбек тілінің дамуы үшін балалар газетінің қажеттілігі туындады. Енді, міне, баслымның 1 жасқа толғанын осылай қуана атап өттік.»