Бердібек Соқпақбаевтың туғанына — 90 жыл

1514
Мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқыды

Балалар әдебиетінің негізін салушы, белгілі жазушы, әйгілі «Менің атым Қожа» шығармасының авторы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 90 жыл толды. Осыған орай облыстық А.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен әдеби кеш өтті. Шара барысында қаламгерлер Бердібек Соқпақбаевтың өміржолы мен шығармашылығынан естеліктер айтты. Тіпті Кеңес одағы тұсында жазушыларға жасалған қысым мен олардың еңбектерін жіті қалыпқа салғанын да жасырмады. Бірақ Бердібектің шығармалары ешқандай шеңберге бағынбапты.

Әдеби кеште қаламгерлер естеліктер айтты
Әдеби кеште қаламгерлер естеліктер айтты

Захардин Қыстаубаев, жазушы: «Бердібек ағамыз шеңберге бағынған жоқ. Соның арқасында оның еңбектері сол кезде ғана емес, бүгінгі заманның, бүгінгінің балаларының да сұранысына ие болып келеді. Жазушының еңбектері қызықты оқиғаға толы ғана емес, өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік мәнімен де ерекше. Мысалы, чемпион туралы шығармасы сол заманда барша баланы спортқа баулыды. Ауыл жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Кітапты оқыған оқырман жазушының айтқанын екі етпейтін. Қазіргі жастардың да өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда Бердібек Соқпақбаевтың еңбегі ерен. «Менің атым Қожа» фильмінен бөлек, оның талай туындыларына кино түсіруге болады».

Мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқыды
Мектеп оқушылары арнау өлеңдерін оқыды

Мақсат Қуанышбек, №47 мектептің оқушысы: «Менің атым Қожаны» оқығанда мен де соған ұқсағым келіп, соның әрекеттерін қайталап жүретінмін. 2-сыныпта оқып жүргенімде болса керек, сол киноны көріп, Қожа деп атаңдар дегенмін баршаға. Қазір ойлап қарасам, күлкім келеді, бала көңіл деген осы екен ғой деп. Сол сияқты талай ақылға шақыратын еңбектері бүгінгінің біз сияқты жастарына ой салады деп үміттенемін».

Б.Соқпақбаевтың шығармашылығанан кітапкөрмесі ұсынылды
Б.Соқпақбаевтың шығармашылығанан кітап көрмесі ұсынылды

Әдеби кеш аясында қаламгердің құнды туындыларын жастолқын жатқа айтты. Бірі оның өмірінен баяндамалар оқыды. Бұған қоса Бердібек Соқпақбаевтың шығармашлығынан сыр шертер кітапкөрмесі де көпшілік назарына ұсынылды.