«Шымкент сыра» төтенше жағдайға төтеп береді

305

«Шымкент сыра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі маңында төтенше жағдай орын алды. Таңсәріден өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызған оқыс оқиға орнына 600 адам жұмылдырылған. Бұл – құтқарушылардың кезекті оқу-жаттығуы екен. Жоспарға сәйкес өткізілген жаттығу барысында барлық құзырлы органдар шапшаңдықтарын көрсетті.

"Шымкент сыра" ЖШС-нің қызметкерлері
«Шымкент сыра» ЖШС-нің қызметкерлері

«Шымкент сыра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері аяғынан тік тұрды. Таңғы сағат тоғыздан-ақ далаға беттеп жүгірді. Себеп те жоқ емес – төтенше жағдайдың алдын алу. Қызметкерлер арасында құтқарушылар тобы да жасақталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Qbi4zjeTnLU[/youtube]

Жомарт Омаров, қалалық ТЖБ бас маманы: «Қазір өрт шығу жағдайында ғана емес, жер сілкінісі кезінде де қандай шара қолдану қажеттігін үйреттік. Мұндағы қызметкерлер өте белсенділік танытты. Оқу-жаттғу сабағын да түсіндіре алдық деп ойлаймыз».

Мұнда өрт сөндірушілер ғана емес, медицина қызметкерлері де арнайы келген. Кезекті оқу-жаттығуға кәсіпорынның қызметкерлері жұмылдырылды. Олар жаттығу барысында шапшаңдығын танытып, өздерін ғана емес, өзгелерді де, мекемені де аман алып қалудың жолын көрсетті.

Бірнеше сағатқа созылған оқу-жаттығу сағатында мамандар кәсіпорын қызметкерлеріне төтенше жағдайдың алдын алудың жолдарын түсіндірді.  Ал «Шымкент сыра» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері тілсіз жауға қарсы тұру үшін қауқарлы екеннін тағы да дәлелді.