Жазасын өтеуші түрмеде казино ұйымдастырған

983

Шымкенттегі түзеу колониясынан шу шықты. Анықталғаны – темір тордың арғы бетінде құмар ойынның көрігі қызып келген. Мұны зазасын өтеушілердің өздері ұйымдастырған екен. Бұдан түскен қаржы да желге ұшпай, білдей қылмыстық қауымдастықтың қызметін қаржыландыруға жұмсалып отырыпты.

23 жастағы жазасын өтеуші қазір уақытша тергеу изоляторына ауыстырылды. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметіне сай, айыпталушы өткен жылдың наурызында ауыр дене жарақатын салғаны үшін алты жылға түрмеге тоғытылған болатын. Қызылорда облысының тумасы мұнда да қарап отырмапты. Қарта және өзге де құмар ойындардың «бизнесін» сыбайластарымен бірлесе жүзеге асырып келген. Айта кетейік, заңсыз ойын түрмедегі жазасын өтеушілер арасында өткен жылдың қыркүегінен бастап, ағымдағы жылдың мамырына дейін жалғасып келген.

[youtube]http://youtu.be/EYdgE8UTB7o[/youtube]