80 жылдық тарихы бар театр ұжымы жаңа орталыққа көшті

Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының ұжымы жаңа ғимаратта жұмыстарын бастап кетті. 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақ Әл Фараби алаңдағы ғимаратта 67 жылдан бері жұмыс жасап, талай өнерпазды үлкен сахнаға аттандырған еді.

Енді жаңа ғимаратқа қоныс аударған театрда көрермендер үшін 500 орын бар. Заманауи өнер ошағында жұмысын бастаған әртістер тынысымыз кеңейіп қалды деп отыр. Жаңа сахна шымылдығы көрермендер үшін Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» шығармасымен түріледі.

80 жылдық тарихы бар театр ұжымы жаңа орталыққа көшті

Гүлмира Серікова, Ж. Шанин атындағы қазақа драма театры директорының орынбасары: «Біз бұл жерге келгенімізге қуаныштымыз. Кабинеттеріміз жап-жарық. Кең. Ең бастысы – театр өте ыңғайлы соғылған. Қазір мүгедектерге көңіл көптеп бөлінуде. Мұнда келген мүгедектерге арабасымен кіріп, толық аралап шығуына мүмкіндік жасалған. Екі лифт бар.»