Назарбаев зияткерлік мектептерінде Елбасыға арналған апталық өтіп жатыр

740
Оқушылар "Википедияға" мақала жазып отыр

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні. Айтулы датаға орай ел аумағындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде апталық қолға алынды. Шара аясында мектеп оқушылары Елбасының жаңа жолдауын қолдап қана қоймайды, оның сыныптас-үзеңгілес достарымен кездеседі. Өміржолымен танысады. Және озат оқушылар жолдауға қатысты танымдық маңызы зор еңбектерді «Википедия» жинақтарына енгізіп жатыр.

Оқушылар "Википедияға" мақала жазып отыр
Оқушылар «Википедияға» мақала жазып отыр

Бұл көрініс бір қарағанда жәй ғана дәріс оқып отырған оқушыларға ұқсайды. Бірақ мұнда физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері «Википедия» энцоклопедиясына жаңа туындылар жазып, сайысқа қатысып отыр. Жарыстың шарты – сапалы еңбекті мол етіп жазу ғана емес, Елбасының жаңа жолдауын қолданысқа енгізу. Мектептің 11-сынып оқушысы Мағжан Әмізе бүгінге дейін «Википедиядағы» 285 мақаланың авторы атанған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=p747Z7GbEqs[/youtube]

Мағжан Әмізе, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: «Бұл мақалалардың өзге адамдарға тиетін көмегі өте көп. Мысалы, тарих пәнінің кітаптарында жекешелендіру саясаты туралы мәліметтер аз берілген. Менің мақаламды оқығандар осы тақырып бойынша кеңінен мәліметтер алады.»

Зияткерлік білім ұясындағы «Шаңырақ» топтары да қарап отырған жоқ. Олар Елбасының бастамаларын жіліктеп талдап, саясаттағы оңды істерді құптады. Мемлекеттік бағдарламалалардың ұтымды жұрнақтарын да айналып өтпеді. Бұл — жаңа жолдаудың еркіндікті құптауы.

Қайсар Түймебек
Қайсар Түймебек

Қайсар Түймебек, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: «Демократия заманында өмір сүргендіктен, әр адамның өз ойы болуы керек, бүкіл адамдардың ойын қалыптастыру, оны жинақтау арқылы руспублика жан-жақты түрде жетіледі. Яғни бір адамның болса да пікірін тыңдау, оған құлақ асу негізінде мемлекет жетіліп, қателіктерін түзеу арқылы экономикалық тұрғыдан өрлейді.»

Озат оқушылар тұңғыш Президенттің саясаттығы жетістігімен ғана танысқан жоқ. Оның өмір жолынан да хабардар болды. Шәкірттерді жас Нұрсұлтанның өмірі қызықтырды. Оны кездесуде Н.Әбішұлының үйлену тойында күйеу жолдас болған әрі әріптесі, үзеңгілес досы Абдулла Ермағанбетов әңгімелеп берді.

Абдулла Ермағанбетов, Елбасының курстасы: «Оқу орнына алғаш түскенімізде орысша білмейміз, шорқақпыз, ауыл мектебін бітіріп барған жастармыз ғой. Сөйтсек, Нұрсұлтан орысша да, қазақшаға да ағылып тұр. Елбасы алғаш орыс мектебін, сосын қазақ мектебін тәмамдаған екен. Соның арқасында ол төраға болып сайланды. Біз оқып жүргенде бос уақытымыз аз болды, аз уақыттың өзін спортқа арнадық. Нұрсұлтан Әбішұлы күреспен шұғылданатын.»

Бүгінде 684 оқушы білім алатын білім ұясы ұжымының айтуынша, тұңғыш Президент күні аясында бұл шаралармен шектелмек емес.

Абдулла Ермағанбетов
Абдулла Ермағанбетов

Динара Бердікеева,  физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары: «Сенбі күні облысымыздағы мектептердің 6-сынып оқушылары және олардың ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өтеді деп жоспарлап отырмыз». Өзіміздің оқушылардың да ата-аналардың «Ашық есік» күні өтеді. Осы шараның аясында мектеп қабырғасында білім алып жүрген оқушылардың қолөнер  бұйымдарының және ғылыми жобаларының көрмесі ұсынылады.»