Жолаушыларды тасымалдау қызметіне жауапты мамандардың сүйінші сұрар жаңалығы бар. Шымкенттегі жолаушыларға қызмет көрсететін автобустар бұдан былай экологиялық тұрғыда тиімді саналатын сығымдалған газбен жүретін болады.
Әзірге пилоттық жоба аясында қаладағы көлік компанияларының бірінде ғана бұл жоба қолға алыныпты. Қала әкімдігі алдағы уақытта экологиялық тиімді қоғамдық көлiктер санын көбейту үшін «ЕВРО-2» стандартына сай келетiн муниципалды автопарк ашуды жоспарлап отыр. Жеке инвесторлар есебінен салынатын автопарктің жалпы құны 2 миллион теңгені құрайды.