Оңтүстіктен — Шығысқа. Өңіріміздегі жұмыссыз жүрген азаматтар Шығыс Қазақстан облысына барып, өз жағдайын жасауына мүмкіндік бар. Өйткені Шығыста педагог, техник, ауыл шарушылығы маманы мен білікті мемлекеттік қызметкер тапшы. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұған дейін де бірнеше рет айтқан болатын. Енді әр өңірдің басшыларымен келісімге келіп, арнайы бағдарлама түзіпті. Егер оңтүстікқазақстандықтар Шығысқа жұмыс іздеп барса, баспанамен қамтылып, арнайы субсидия да төленеді. Онда тиісті құжаты бар кез келген жан бара алады.

003

Көпшілікке «Құл базары» атауымен таныс аймақтан тепсе темір үзетін жігіттерді де, егде тартқан бөріктілерді де кездестіруге болады. Солардың бірі — Берік Қалтаев. 28 жастағы жігіттің тіс дәрігері деген дипломы бар. Өңірден мамандығына сай жұмыс таппаған, тапса да айлығын азсынған. Сол себепті жалданып жұмыс жасап, күнделікті нәпақасын айырып отыру үшін осы маңды паналайды екен. Өзі күніне 5-6 мың теңге табатынын айтып қалды.

Мұнда Берік секілді азаматтар көп. Әсіресе мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген жастар жетерлік. Облыста жыл сайын оқу бітіретін сегіз мыңға жуық жас маманның барлығы жұмыспен қамтылып отырған жоқ. Оны статистика да растап отыр. Осыне ескерген билік, Оңтүстіктің жастарын Шығысқа жұмысқа шақырады. Ол үшін Шығыс Қазақстан облысындағы өндіруші компаниялармен меморандум түзілген.

[youtube]http://youtu.be/FO-MjYhBjtc[/youtube]

Шығысқа баратын жандар үшін жұмыс орны да, жатын орны да дайын көрінеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында баспана беріледі. Әсіресе, техникалық мамандықтарға сұраныс көп. Сондай-ақ, Оңтүстіктен Шығыс өңіріне қоныс аударған азаматтар үшін бюджеттен отбасы мүшелеріне байланысты субсидия да төленбек.

[youtube]http://youtu.be/Yt_BXw7929A[/youtube]

Дегенмен, Шығысқа барып, жұмысқа тұруға келгенде жергілікті халықтың пікірі екіге бөлініп отыр. Ал жұмыссыздықты жоюдың жолын тапқан жауаптылар Шығысқа барып жұмыс жасаймын дегендердің құжатын жинауға дайын.