Жолаушыларды тонап келген келіншек ұсталды

243

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы әйелді құрықтады. Абай полиция бөліміне бірнеше қала тұрғыны арызданған. Олардың айтуынша, жергілікті автовокзалдарда қала аралық бағыттағы автобусқа отырған кезде қастарына жас келіншек отырады. Сөйтіп, әңгімелесу арқылы олардың сеніміне кіріп, дәретханаға шыққан кезде сөмкесін және басқа да бағалы заттарын алып кетеді екен.

003

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 27 жастағы Шымкенттің тұрғынын күдікті ретінде құрықтады. Тергеушілердің дерегі бойынша, бұл азаматша жолаушылармен жолсерік ретінде танысып, олармен әр түрлі тақырыпта әңгімеге айтып отырған. Осыдан соң алаяқ қыз жолаушылардың сеніміне кіріп, жолға шығар алдын дәретханаға барып келгенше өзінің затына қарай тұруын өтінеді. Өзі келген соң ештеңееден күдіктенбей отырған жолаушылардың сөмкесін қарауға алып қалған кезде байқатпай алып кетіп, ізін суытып отырған.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары 27 жастағы ұсталған 7 алаяқтыққа қатысы бар екенін анықтады. Ұсталған азаматшаның үйін тінту кезінде полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде бірнеше сөмке және жәбірленушілердің басқа да заттарын тауып алды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 177- бабы – «Алаяқтық» дәйегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.