Жолдың сапасы тексерілуде

499

Қарашада күннің жылынуы жол жөндеушілерге аса қолайлы болып тұр. Шағын айналма жолды салушылар, тіпті, келер жылдың еншісіндегі жұмысты бастауды көздеп отыр. Ал сапасы қандай? Оны облыстық зертхананың мамандары арнайы тексеруге шықты. Олай етпесе болмайды. Өйткені осындай сапаны бақылаудың нәтижесінде Сарыағаш пен Кентауда жол жөндеуге қатысты былықтардың беті ашылған.

Маманның қолындағы қондырғы арқылы жер қыртысының нығыздығын анықтауға болады. Жолдың сапалы болуы да жер жұмыстарына байланысты дейді сарапшылар. Әзірге «Отау құрылыс» ЖШС-нің жұмыстарында кемшілік анықталмаған.

[youtube]http://youtu.be/C8H-8YI9BVU[/youtube]

Бюджеттен жолға бөлінген қаражат – бір миллиард 100 миллион теңге толығымен игеріліпті. Ауа райының қарасып тұрғанын пайдаланып, келесі жылдың жұмысын бастаған мердігерлер қосымша 500 метр жол салып қоймақ. Оған техника мен жұмысшы қолы сақадай сай дейді мердігерлер.

[youtube]http://youtu.be/-Zwwds18qak[/youtube]

Төлеметов көшесінің ұзақтығы – 6 шақырым, құрылысы келесі жылға өтпелі. Тап осындай жолдардың сапасын тексерген зертхана мамандары Кентау қаласында екі, Сарыағашта бір құрылыстың сапасыз жасалғанын анықтапты.