Cот орындаушылары рейдке шықты

264
сот орындаушылары мен тәртіп сақшылары үйді-үйді аралады

Шымкенттегі Абай полиция бөлімінің қызметкерлері мен аумақтық сот орындаушылары арнайы рейдке шықты. Бірлескен топ әкімшілік айыппұлдардан жалтарғандарды құрыққа түсіру үшін үй-үйді аралады. Алайда құқық қорғаушыларға тиісті төлемдерді қайтару оңайға түспеді.

сот орындаушылары мен тәртіп сақшылары үйді-үйді аралады

Сот орындаушылары мен учаскелік инспекторлар әр үйді аралап, табаннан тозды. Десе де әкімшілік айыппұлдан жалтарғандарды үйден кезіктіру мүмкін болмады. Алайда, тиісті төлемдерден қашқандарға көрілер шаралар да қатаң.

Алдағы уақытта бірлескен топ тиісті қаражатты қазынаға қайтару үшін барын салмақ. Бұл орайда сала қызметкерлері жаңа жүйе жемісті болмақ деп сендіреді. Себебі, мұндай шараларға учаскелік инспекторлар да жұмылдырылып отыр.

Айта кетейік соңғы бір ай көлемінде ауданда салынған әкімшілік айыппұлдар 11 миллион теңгеге жуықтаған.  Бірлескен топ өкілдері бүгінгі таңда айыппұлға атүсті қарағандармен күреске білек сыбана кіріскендерін айтады.