"Сайра, сырнай"

«Сайра, сырнай». Шымкентте осындай тақырыпта өнер байқауы өтті. Сайысқа қатысуға жүздеген жерлесіміз тілек білдірген, бірақ ақтық сынға өңірімізге қарасты аудан-қаладан 39 өнерпаз ғана жолдама алыпты. Байқаудың ең қария қатысушысы да жеңімпаздар сапынан табылды. 82 жастағы Алексей Визгалов жүлделі 3-орыннан көрінді. Өнерпаз сайыста орыс халық биіне арналған әуенді шебер орындаған.

"Сайра, сырнай"

Алексей Визгалов, 3-орын иегері: «Өте қуаныштымын. Мен 20 жыл бойы баянда ойнап келемін. Сол уақыттан бері облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көріндім. Бүгінгі жеңісімді жерлестерімнің құрметіне арнаймын.»

сайыс қатысушылары

Биылғы байқауға қатысқан өнерпаздардың барлығы да марапаттан шет қалмады, оларға сый-тартулар үлестірілді. Айта кетейік, қазылар алқасы үміткерлердің өнерін үздік сахналық-халық биі, үздік орыс әнін ансамбль сүйемелеуімен билеп орындау және орыстың көңілді биге арналған әнін баян және сырнаймен ұсыну сынды 3 аталым бойынша бағалады. Ал фестиваль-байқаудың бірінші орнын Шымкент пен Леңгірдің өнерпаздары еншіледі.