Елбасының ардагерлерге тиесілі сый-құрметін Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жалғастырды. Қала басшысы 6 ардагердің шаңырағында болып, жаңа жылдық құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, қалада бүгінде дәл осындай сый-құрметке лайық 200-ге жуық ардагер тұрып жатыр. Елбасы сыйлығын қабыл алғандардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагері Бекназар Айтжан да бар. Мерекемен құттықтай барған жергілікті билік өкілдері кең жайылған дастархан басында емен-жарқын әңгіме-дүкен құрды. Қазыналы қария сұрапыл соғыс жылдарынан естеліктер айтып берді, өскелең ұрпаққа өсиетін де жеткізді.