«Мадлен» кішкентай қонақтарын тегін күтеді

265
"Мадлен" кішкентай қонақтары үшін шеберлік-сабақтарын қолға алды

Алдағы cенбі және жексенбі күндерін отбасыңызбен ойдағыдай өткізуді қалайсыз ба? Онда «Мадленге» барыңыз. Әсіресе кешқұрым балалар үшін ұйымдастырылған шеберлік сабақтарын жіберіп алмаңыз. Мұнда тек тәтті жеп қана қоймай, оның дайындалу жолымен танысуға мүмкіндіңіз бар.

"Мадлен" кішкентай қонақтары үшін шеберлік-сабақтарын қолға алды
«Мадлен» кішкентай қонақтары үшін шеберлік-сабақтарын қолға алды

Демалыс күндерін отбасыңызбен арқа-жарқа әңгіме-дүкен құрып өткізуді қаласаңыз, «Мадленге» келіңіз. Мұнда дәмі тіл үйірер тағамға тапсырыс беріп қана қоймайсыз, қызықты ойындар мен балалардың көңілін аулайтын мәзірді де табасыз.

Джульетта Ксандопуло, «Мадлен» компаниясының басқарушы директоры: «Тек «Мадленде» ғана әр сенбі мен жексенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін балаларыңыздың туған күнін тойлай аласыздар. Таңғажайып бағдарламалар мен балалар театры, сый-тартулар, және керемет тосынсыйлардың барлығы да тегін ұйымдастырылады».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=jg8FemvRZTo[/youtube]

«Мадленнің» кішкентай қонақтары үшін мұнда шеберлік-сабақтары үлкен жауапкершілікпен жүргізіледі. Әрбір жаңа сабақта оларға тағамның жаңа ерекше мәзірлерін тауып, ұсынады. Үлкендердің қадағалауымен балалар пайдалы әрі дәмі тіл үйірер ас-ауқатты әзірлеп үйренеді.

Оның ішінде тәтті нандар мен пайдалы сусындар да бар. Мұның барлығы да «Мадленнің» есебінен, яғни кішкентай қонақтарға ақысыз.

Тәттілер
Тәттілер

«Көпшілік байқаған да болар — мұндағы балалардың бос уақыты жоқ. Олар асхананың қыр-сырын меңгеріп, тағамды үлкен махаббатпен, ынта-құлшыныспен әзірлейді. Ал осы кезде олардың ата-аналарының бірауық демалып, біздің ыстық тағам-сусындарымыздан дәм татуына мүмкіндіктері болады» дейді Мадлен» компаниясының басқарушы директоры Джульетта Ксандопуло.

«Мадлен» кофейнясындағы туған күндік мерекелік кештерді өткізу кез келген отбасыға қолжетімді. Бағасы қымбат емес. Бүгінде «Мадленнің» басшылығы қонақтарға тағы 10 пайыздық жеңілдікті де ұсынып отыр. Бір сөзбен айтқанда, «Мадлен»- әрдайым сапалы, дәмді өнімді ұсынатын орын.