Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 69 жасқа толды

31

Бүгін, 17 мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 69 жасқа толды. Өздеріңіз білесіздер, мемлекет басшысы туған күнін тойлауды ұнатпайды. 17 мамырды демалыс күні деп жариялау күтілмейді. Бұл туралы оның бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли өткен жылдың өзінде-ақ айтқан болатын.

«Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған», — деп жазған болатын Президенттің былтырғы туған күнінде Берік Уәли.