Оқушылар ауыр сөмкенің кесірінен ауруға шалдығуы мүмкін

876
фото: //oneoflady.com

Сіз оқушы балаңыз көтеріп жүрген сөмкесінің салмағына мән бересіз бе? Анық болғандай, шымкенттік мектеп оқушыларының күнделікті көтеріп жүрген жүгі белгіленген мөлшерден 2 есе артық екен. Бұған тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары қала мектептерінің біріне барғанда көз жеткізді.

фото: //oneoflady.com
фото: //oneoflady.com

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандарына ауыр сөмкелерді табу қиын болған жоқ. Әсіресе бастауыш және 5-6-сынып ұл-қыздары асынатын сөмкелер шамадан тыс ауыр екені өлшемей-ақ көзге бірден көрінеді.

Бастауыш оқушылары жоғары сыныптың жүгін көтереді

7 сынып оқушысы Ермек Омаровтың да көтеріп жүрген жүгі 4,5 келіні құрайтын боп шықты. Ал бұл салмақ жеткіншектің жасына сай емес, белгіленген нормадан екі есе артық.

Ермек Омаров, 7-сынып оқушысы: «Бүгін 6 сабақ болды. Барлық кітаптарды алып келдім. Шаршаған кезде сөмкем ауырлау болады».

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aoU2ApsWj78[/youtube]

Оқушы сөмкесінде, әдетте, мектеп құралдары, кітап-дәптерлері ғана болуы тиіс. Бірақ, қазіргі оқу бағдарламасына сәйкес күніне 5-6 сабақ болғанда оқушы осы пәндердің оқулықтарын түгел алып келетін болса, салмақтың артық болары да жасырын емес. Ал ол балалардың денсаулығына зиян дейді мамандар.

Меруерт Серікбаева, облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы: «Күнделікті ауыр жүктің бала денсаулығына кері әсері — ол қазір оқушылар арасында кең тараған «сколиоз» ауруына алып келуі мүмкін. Ол бала омыртқасының қисаюына алып келеді.»

123

Сонымен, сіз ескеретін норма мынадай:

1-3 сынып оқушылары үшін жүгі 1,5-2 келіге дейін болуы керек

4-5 сынып оқушылары 2-2,5 келіден артық көтермегені дұрыс

Ал 6-7 сыныптың жасөспірімдері 3-3,5 келіге дейін салмақ көтере алады

8-9 сынып оқушылары үшін норма 4-4,5 келіге тең.