ОҚО прокуроры: «Аса ауыр қылмыс саны азайды»

237

Бүгін Оңтүстіктің бас прокуроры өңірде қылмыс санының өскенін мәлемдеді. Өткен жылды қорытқан қадағалаушы орган басшысы Ибрахим Иманов Оңтүстікте қылмыс саны ұлғайғанын жасырмайды.

001

Дегенмен аса ауыр қылмыс біршама кеміпті. Прокурорлық қадағалаудың басым бөлігі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Қылмыстық, әкімшілік және қылмыстық-атқарушылық заңнамаларының жаңа моделіне сапалы көшуді қамтамасыз етуге прокурорлар айтарлықтай көңіл бөліп келеді. Аталған кодекстерді қабылдау кезінде облыс прокуратурасы мен еліміздің бас прокуратурасына 160-тан аса ұсыныс жолданып, оның көпшілігі қолдау тауыпты.

[youtube]http://youtu.be/VYYcJ8BVWRU[/youtube]