Шетелдік жұмысшылар қажет

268

Шетелдік мигранттар ішкі еңбек нарығына кері әсер етпейді. «Сана-сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығында өткен дөңгелек үстелге жиналғандар елімізге келіп жатқан жұмыс күшін дұрыс пайдалану жолдарын талқылады.

003

Орталық мамандарының пікірінше, еңбек мигранттары қандай да бір көмек сұраудан жасқанады. Сондықтан олардың арасында жұмысқа және тіркеуге тұру кезінде заң талаптарын бұзатындары жиі кездеседі. Белсенділер ол үшін алдымен шетелдіктерге ақпараттық-құқықтық жәрдем берудің жолдары қарастырылуы керек дейді.