Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет департаментінің бос әкімшілік мемлекетттік лауазымдарына үміткерлермен әңгімелесу өтті.
2 күнге жалғасатын конкурстың шарты бойынша 26 үміткер мемлекеттік лауазымдарға қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Осылайша ашық өтіп жатқан конкурс барысында үміткерлердің біліктілігі, жұмысқа ынтасы айқындалады. Іс-шараның қорытындысы 1 апта көлемінде белгілі болады.